Главная страница
Контакты

    Главная страница


Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды

Скачать 14.35 Kb.



Скачать 14.35 Kb.
Дата11.04.2017
Размер14.35 Kb.

Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды


Ата-аналар жиналысы: «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Көрнекілік: «Менің отбасым»(буклет),бәйтерек суреті,нақыл сөздер,слайд,карточкалар.

Жиналыс жоспары.

  1. Ұйымдастыру

  2. Кіріспе сөз.

  3. Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)

  4. Әңгімелесу-Миға шабуыл.

  5. Слайд: «Таңғажайып ертегі»

  6. Балалық шағымызға ораламыз.

  7. Жағдаятар

  8. Бақытты отбасының бәйтерегі.

  9. Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

 

Жиналыс барысы:

1)Ұйымдастыру.

2)Кіріспе сөз.Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.

3)Негізгі бөлім: Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» тест. Олар балалармен қарым-қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.

-Мен саған қанша рет айтамын? -Маған кеңес бере ғойшы,айналайын! -Мен сенсіз не істер едім?! -Бұл не тағы? -Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? -Кімге тартқан бәлесің өзің? -Мен сендей кезімде.. -Сен менің тірегімсің,қолқанатымсың! -Сенің жаныңдағы қандай достар осы? -Сен не ойлап отырсың ? -Ұлым (қызым),сен қалай ойлайсың,жұрттың баласы бала сияқты,ал сен болсаң… -Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7-8 балл-Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да,ол сізді құрметтейді.Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

9-10 балл-Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді.Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 

11-12балл –Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді,бірақ ол,ата-ананың аялы алақанына,жылы сөздеріне зәру. 

13-14балл-Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстаңған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз.Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар-оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз,оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата-ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

4)Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)

Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарыныпа сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз,қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

5) Қазір «Таңғажайып ертегі» слайдын ықыласпен көріңіздер. Осы аңыздың мәні неде? Ол бізді не нәрсеге үйретеді? Слайд: Мұғалім: Бір бала,жарық дүниеге келер алдында құдайдан сұрайды Слайд көру. Мұғалім:Сонымен құрметті ата-аналар,жарық дүниеге келген мына бала сіздердің ықпалдарыңызда және қамқорлықтарыңызда болады. Сіздер оның 1-ші тәрбиешілері боласыздар.

 

Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды.Қандай болмасын ,бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер,өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты-бақыт деп санайды,басқасы құрмет пен даңқ,үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады. 

6) «Балалық шағымызға ораламыз» Мұғалім: а)«Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» (ата-аналар естеліктеріе айтады)

ә) Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз? 

7) Жағдаяттар шешу. 1)Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты киноға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында конфликт туындады.(ата-ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс)

2) Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.(Бала еркелеткенді,мақтағанды ұнатады.Оны жиі мақтап, аялап,еркелетіп тұру керек.)

3)Ата-ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды.Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты.Оған жүйектерді арам шөптен тазарту,бұлақтан су әкелу ұсынылды.Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді.Айқайлап ,жұрттың жұмысына кедергі келтірді. (Бала өз отбасындағы барлық жұмыстарға қатысуға тиіс)

 8) Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа бекітеді. 

9) Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер (оқылады) таратылады. Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.

Жауап байланыс парағы:

  1. Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

  2. Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

  3. Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?



  • Көрнекілік
  • Жиналыс жоспары.
  • Жиналыс барысы