Главная страница
Контакты

    Главная страница


Ақылды достар




Дата11.04.2017
Размер8.05 Kb.

Ақылды достар


«Ақылды достар»

Автор: Айкоркем

Ерте, ерте ертеде тау етегінде ауасы жұпар исі аңқыған жасыл орманда жұбы жазылмаған мая арасы, Вилла арасы және еңбекқор коңыз бейбіт ғұмыр кешіпті. Олардың әр күні шаттыққа, мейірімге толы болатын:

Темирлан/Мая/: Ой, күн қандай керемет, ауа қандай таза, жұта бергің келеді.Әй, әй, сәлематсыздарма көк аспан, биік тау, жұпар исі аңқыған жасыл орманым.

Айда. Данияр./Вилла/ Сәлематсыз ба достым. Расында күн керемет екен, жүр серуендеп кайтайық Мая достым .

Темирлан: Жүр ендеше / екеуі бырге ұшып кетеді/,/ әдемі гулдер, жасыл шөптер арасында серуендейді, олар жұлынған гүлді, тапталған көк шөпті көреді/

Вилла достым, мына әдемі, жазықсыз өсімдіктерге кім тиді екен?

Айда. Данияр: Иа, достым аяусыз жұлыпты, таптапты.

Аманжан./Жасыл қоңыз/ Ой, ой добымды әзер домалатип келемін, ауырлап кетты. Сәлематсыздарма достар!

Темирлан. Айда. /екеуі бірге/: Амансын ба достым, мына гүлдерді кім жұлып , орман тыныштығын бұзған кім?

Аманжан: Білмеймін, көрмедім, мен таң атқаннан доп жасап, жан- жағыма назар аудармаппын.

Қуанышбек./ Шегіртке/ Трям, трям, тря-ля-ля, /секіріп ,әндетіп гүлдерді жұлып лақтырып қоңыздың добын теуіп жібереді мысқылдап күліп/

Аманжан. Ренжіп, мұның не ақымақ, мен еңбектеніп жасадым емес пе? Ей ақымақ /қамығып мұңаяды/

Темирлан. Бүл не деген берекесіздік, сен екен гой жазықсыз гүлдерді жүлған, олар қиналып жатыр.

Айда. Данияр.Аямадын ба? Ақымақ неме досыма неге тидің?

Қуанышбек: Әндете, несіне аяймын, олар жансыз гүлдер гой, допты тағы да жасап аласын. /әндетіп, шөпті таптап гүлді жұлып кете барады.

Темирлан. Айда. Данияр: Бұған не істесек екен? Бұрын мұндай тәртіпсыздік быздың орманда болмаушы еді.

Аманжан: /жыламсырап/ қайран добым ай , осынша еңбегім зая кетті ау. Енды кайтадан жасауым керек.

Темирлан: Таптым, таптым шегірткені калай жөнге салу керектігін, біз оны би алаңына шақырайық, онда жарыс ұйымдастырып, шегірткені өрмекші досымыздың торына түсіреміз! Сонда оған ақыл кіреді.

Бәрі бірге: Кеттік ендеше! /Бәрі бірігіп шегірткеге келеді/

Қуанышбек: Әй сендер не іздеп жүрсіңдер, мен сияқты, сайран салып жүрмейсіндер ме, мына гүлдер , шөптер, орман тыныштығы неге керек сендерге мен айғайлап бүлдіріп, шулап жүргенді ұнатамын. Мына өмірде сайраңдап қалыңдар, ертең күз келеді, бәрі бітеді.

Темирлан: Шегіртке, сен би билеп білесің бе?

Қуанышбек: Әрине би деген тәйірі менен қалды емес пе? Менімен жарысқыларың келе ме? / мысқылдап күледі/

Темирлан: Ендеше, жарысайық, би алаңына жүр. /Бәрі бірге билеп жатқанда шегіртке ормекші торына қүлап түседі/

Қуанышбек: Ойбаййй құртқарыңдар, қүтқара көріңдер.

Темирлан: Біз сені қүтқарамыз , сен бірақ уәде бер, енді орман тыныштығын бұзбаймын, гүлдерді , шөптерді жұлып таптамаймын, достарға орынсыз тиіспеймін де.Қуанышбек: Гүлдерді жұлмаймын, достарыма орынсыз тиыспимын, құтқара көр енды достарим сіздерді еш ренжітпеймін, ақылды боламын.Достары барлығы : тордан шығарыпалады. Кел достасайық деп колдарын алады.

Бәрі бірге: Тату доспыз бәріміз

Ән салайық бірге біз

Достықты біз сақтайық

Ажырамас ыргеміз.

Айкөркем /Автор/ Осылайша жасыл орманда мейірімге толы өмір әрі қарай жалғасын тауыпты. Сіздер де кішкене бүлдіршіндер достарыңды ренжітпеңдер әрқашан тату болыңдар.


  • Темирлан/Мая/
  • Темирлан. Айда. /екеуі бірге/