Главная страница
Контакты

    Главная страница


Ашық сабақ:Сабақтың тақырыбы: §4 Жердің пішіні мен мөлшері. §5 Жердің өз білігімен айналуы және оның географиялық мәні.

Скачать 26.68 Kb.



Скачать 26.68 Kb.
Дата18.04.2017
Размер26.68 Kb.

Ашық сабақ:Сабақтың тақырыбы: §4 Жердің пішіні мен мөлшері. §5 Жердің өз білігімен айналуы және оның географиялық мәні.


Сыныбы: 6

Күні:

Сабақ саны: 5

Сабақтың тақырыбы: §4 Жердің пішіні мен мөлшері.

§5 Жердің өз білігімен айналуы және оның географиялық мәні.


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Оқушыларға жер- шар тәріздес дене, жердің өлшемдері, жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні, жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысуы, жердің өз білігін айналуының Жердегі тіршілік үшін маңызы туралы білім беру, тылсым дүние сырын ұғындырып, ойлау өрісін дамыту, пішіні мен мөлшері туралы түсінігін кеңейту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.


Рухани-адамгершілік тәрбие құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: адамдарға қызмет жасау, әр адам өзінің міндеттерін шынайы және нақты орындай білуіне , шындыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, өзін-өзі тану

Негізгі білімдер: Жердің өз білігінен айналуы, тәулік, жер-шар тәріздес дене, жердің шар тәріздес болуының маңызы.

Нені істей білу керек: Жердің шар тәріздес екенін дәлелдей алуы, неге шар тәрізді екенін, неге байқамайтынын түсіндіре білуі, шар тәріздес болуының мәнін ажырата .Электронды оқулық, интерактивті тақта,үнтаспа,дәйексөздер:

Сабақ түрі: Практикалық және проблемалық ойлау сабақ.

Сабақ әдісі: Көрсету, проблемалық сұрақтар арқылы дәлелдеу.

Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгелдеу, оқушылар көңілін сабаққа бұру).Оқушыларды оңтайлы күйге келтіру: Құрманғазының күйі «Терісқақпай» тыңдату.

Ә) Үй тапсырмасын сұрау:

1. Планета, орбита деген не? Планеталар реті қандай?

2. Жер өз орбитасы бойымен қалай бір қалыпты қозғалады?

3. Ұсақ денелерді ата, ерекшелігі неде?

4. Марс пен Шолпанда тіршіліктің таралмау себептері?

5. Жерде тіршілік пайда болуының себептері.

Б) Жаңа сабақ өту:

Жаңа сабақ: §4 Жердің пішіні мен мөлшері.

§5 Жердің өз білігімен айналуы және оның географиялық мәні.

Жоспар:

1. Жер-шар тәріздес дене.

2. Жердің өлшемдері.

3. Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні.

4. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде Күн мен түннің ауысуы.

5. Жердің өз білігін айналуының Жердегі тіршілік үшін маңызы.

1. Жер-шар тәріздес дене.Бұл нақты шындық.

Пішіні мен мөлшері туралы алғашқы түсініктер.

1. «Жер тегіс, оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген».

2. Адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болуы, «Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек» деген пікір туғызады.

3. Бақылау нәтижесінде «Жер шар тәріздес» деген пікір ұсынды.

4. Ғарыштан түсірілген сурет жердің пішіні шар тәрізді екеніне күмән келтірмеді.

2. Жердің өлшемдері.

1. Жер полюс жағынан сәл қысыңқы. Полюстік радиус экваторлық радиустан 21км қысқа.

2. Жердің Күн айналу уақыты 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд. Жер адамдарға қалай қызмет көрсетіп жатыр? Шаршап қалған кездері болды ма? Жыл мезгілінің ауысуы адамдарға қандай шаруашылықтар жүргізуге көмектеседі?

3. Жер орбитасының ұзындығы 939120000км.

4. Жердің Күн айналуының орташа жылдамдығы 29,765км/с.Жер оқтан жылдам, реактивті самолеттен 60 есе тез қозғалады. Жер, біз тұрған және космоста ұшып жүрген ракета. Олай болса біз космонавтармыз ба?..Балалар бір сәт партада отырғанын ұмытып, «космонавт» туралы ойлайды.Көздерінен өмір ұшқынын, өмір философиясына берілгенін байқауға болады.

5. Жердің экваторлық радиусы 6378,1км.

6. Жердің полярлық радиусы 6356,8км.

7.Экватор ұзындығы 40076км.
Өзін-өзі тану: Бұл нақты ғылыми шындық, олай болса өмірдеде тек шындық айтылып , адалдық жолымен және бір-бірімізге көмектесіп, ақиқат жолымен өмір сүруіміз керек.

  • Жердің шар тәріздес екенін неге байқамаймыз? Бақылаушы тегіс жерде төңіректің 4-5 км қашықтығын ғана көре алады. Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.

3. Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні.

Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады.

  • Сонымен Жер шар тәріздес болғандықтан күн сәулесі де әркелкі таралады.
  • Жердің пішіні мен мөлшерін білу карта жасау үшін қажет.

    4. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысуы.

    • Жер өз білігінен айналады.

    • Жер өз орбитасымен Күнді айналады.

    ӘлемГалактикакүн жүйесіжерпланета: әлемдік кеңістіктегі қозғалысқа қатысады.



    Жер өз

    білігінен айналады

    Батыстан шығысқа қарай айналады.

    Сағат тілінің айналу бағытына қарама-қарсы айналады.

    24 сағат ішінде айналуы табиғат құбылыстары үшін мәні бар. Нәтижесінде күн мен түн ауысады.


    5. Жердің өз білігін айналуының Жердегі тірілік үшін маңызы.

    Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуының мәні

    Күн мен түн ауысады

    Жылу мен ылғал бүкіл жер бетіне бөліне таралады

    Жер бетінде тіршілікке қолайлы жағдай туған



    Өзін-өзі тану:


    Күн мен түннің ауысуы табиғи заңдылық; осы сияқты адам өмірінде қуанышпен қайғы ауысып отырады.Қанша ұзақ күн болғанмен ол бәрібір түнге ауысады, нақ солай әр адамның өмірінде қиындық көп болғанмен ол аяқталып, міндетті түрде сенің өміріңе де қуаныш таңы ататыны ақиқат. «Барлығы өтті, бұл да өтеді» деген үнді даналары. Жер өз міндетін шынайы және нақты орындауынан қандай үлгі, өнеге алуға болады?

    Б) Бекіту:

    1. Жердің пішіні мен мөлшері туралы алғашқы түсініктер қандай?

    2. Жердің өлшемдері қандай?

    3. Жердің шар тәріздес екенін неге байқамаймыз?

    4. Жердің пішінінің шар тәріздес болуының мәні неде?

    5. Жердің әлемдік кеңістіктегі қозғалысы қандай?

    6. Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуының мәні неде?

    В) Үйге тапсырма: §4-5 оқу. 8- сурет салып, суретпен сөйлей білу.

    Г) Бағалау:

    С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйімен сабақты аяқтау.






    Сыныбы: 8

    Сабақ саны 5

    Күні

    Тақырыбы: §6. Қазақ жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер.

    Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ислам дінінің таралуына байланысты араб саяхатшыларының Әл-Истахри, Әл-Масуди, Ибн Хаукаль, Ибн Фадлан, Әл-Фараби, Махмуд Қашғари, Қытай саяхатшылары, Еуропа саяхатшыларының Қазақстан туралы қолжазбаларындағы мәліметтермен білімдерін арттыру, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру, ойға сақтау қабілетін дамыту;
    Рухани- адамгершілік құндылық: Дұрыс әрекет
    Құндылық қасиеттері: Адал еңбек етуге, айналаны тануға құштарлық, ұлтжандылыққа, білімпаздыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
    Пән аралық байланыс: жертану, тарих, өзін-өзі тану

    Негізгі білімдер: Араб саяхатшылары, олардың қолжазбаларында келтірілген қазақ жері туралы мәліметтер, Әл-Фараби мен Махмуд Қашғар еңбектері, ашқан ғылыми жаңалықтары, қытай және еуропа саяхатшыларының болған жерлері туралы мәліметтер.

    Нені істей білу керек: Кескін картаға араб, қытай, еуропа саяхатшыларының болған жерлерін бейнелей білуге, сырықтың көлеңкесін өлшеп, сағат мезгілін есептей білуге, картаны талдай білуге үйрету.

    Көрінекілік: Қазақстанның физикалық картасы.Интерактивті тақта, электронды оқулық, үнтаспа, Дүние жүзінің физикалық картасы.. Сызбалар. Атластар. Тірек сызбалар. Әл-Фараби мен М. Қашқари суреттері, таратпа кестелер.Дәйексөз:

    Сабақ түрі: Баяндау, жеке жұмыстар жүргізіу, оқулықпен, картамен жұмыс, кескін картамен жұмыс.

    Сабақ әдісі: Тірек сызбалар арқылы баяндау.

    Барысы: А) Ұйымдастыру ( сәлемдесу, түгелдеу, оқушылар көңілін сабаққа бұру )

    Ә) Үй тапсырмасын сұрау.


    1. Қазақ жері және табиғаты туралы алғашқы мағлұматтар қандай?

    Ауызша баяндау.

    Тақтаға. 1. Палеолит дәуірі деп жазып қою

    2. Тас

    3. Қола

    2. Геродот, Страбон, Птоломей келтірілген мәліметтер қандай?

    Тақтаға. 1. Геродот 1. Уақыты

    2. Страбон 2. Зерттеуші

    3. Птоломей 3. Еңбегі

    4. Ескі атаулар

    5. Келтірілген мәліметтер ( картадан көрсету )

    3. Алғашқы мәліметтер берудегі қателерді тақтаға сызу, баяндау.

    4. Ұлы Жібек жолының бірінші және екінші бағытын картадан көрсету.

    5. Ескі қалалар туралы мәліметтерді ата.

    Тақтаға. Ескі қалалар


    6. Архитектуралық ескерткіштер туралы мәліметтерді баяндау.

    7. Ұлы Жібек жолын дамытуға қатысты халықаралық қатынастарды ата.


    Б) Жаңа сабақ өту.

    Жаңа сабақ: §6. Қазақ жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер.

    Жоспар


    1. Араб саяхатшылары келтірілген мәліметтерін ата, картадан көрсету.

    2. Әл-Фараби еңбектері мен ашқан жаңалықтарына схема құрастыру.

    3. Махмуд Қашқари еңбегі, тірек схема жасау.

    А) Жаңалықтар схемасын жасау.

    Ә) Дөңгелек картасы тірек схемасын жасау.

    4. Қытай саяхатшылары Елюй Чу-Цай ( 1219 ж. ) мен Чань Чунь ( 1221 ж. ) қазақ жері туралы мәліметтеріне схема жасау, жүрген жерлерін картаға түсіру, айта білу.

    5. Еуропа саяхатшысы итальяндық Плано Карпини мен француз Вильгельм де Рубруктың саяхатын кескінге сызып, айта білу.

    Джованни Плано Карпини, Иоанн из Пьян дель Карпине (итал. Giovanni da Pian del Carpine; лат. Iohannes de Plano Carpini; ок. 1182 - 1 апреля 1252) - итальянский францисканец, первым из европейцев, до Рубрука и Андре де Лонжюмо, посетивший Монгольскую империю и оставивший описание своего путешествия.

    6. Ортағасыр саяхатшыларының еңбегінің мәнін көрсету.


    1. Араб саяхатшылары келтірілген мәліметтерін ата, картадан көрсету.


    Қазақ жері туралы орта ғасырлардағы деректер.


    Өзін-өзі тану:

    Араб саяхатшыларының белгісіз жерлерге келуі олардың бойындағы ерлік, құштарлық, адамзатқа риясыз қызмет жасауының көрінісі деп білуге болады.


    2. Орта ғасыр саяхатшыларының еңбегінің мәні. Отанын сүюі, білімге құштарлығы, еңбекқорлығы арқылы адам баласына шексіз қызмететуімен үлгі.



    3. Махмуд Қашқари еңбегі
    Өзін-өзі тану
    : Білгенге құштарлық, білімпаздық, еңбексүйгіштік және адамдарға жақсылық жасауы мен ұрпаққа үлгі.



    1. Қалалар мен елдерді Ыстықкөл айналасына шоғырландырған.

    2. Орта Азия жерін жазықтыққа бөлген.

    3. Бірінші рет Тянь-Шань тауларының Ыстықкөлге қатар орналасқаны жөнінде мағлұмат берген.


    4. Қытай саяхатшылары Елюй Чу-Цай мен Чань Чунь мәліметтері




    5. Еуропа саяхатшысы итальяндық Плано Карпини мен француз Вильгельм де Рубрук.

    Итальян Плано Карпини Француз Вильгельм де Рубрук

    1245 ж. 1253 ж.

    ↓ ↓

    Жайық Еділ

    ↓ ↓

    Сырдария Жайық

    ↓ ↓

    Тянь-Шань Мұғалжар

    ↓ ↓

    Тарбағатай Арал

    ↓ ↓

    Моңғолияға бет алған Шу

    Іле

    Балқашты сипаттады




    Өзін-өзі тану: Қытай мен Еуропа саяхатшыларының Қазақстанға келуі: адамзатқа, ғылымға дұрыс қызмет жасауымен үлгі.






    6. Ортағасыр саяхатшыларының еңбегінің мәні.


    Еліміздің табиғат Жүрген жерлерін атады

    жағдайына

    Қысқаша сипаттады

    Ерекшеліктеріне

    Жер пішіні картада үстірт бейнеленді

    Жер көлеміне айқын

    түсінік бере алмады

    кейінгі зерттеушілерге қосымша мәлімет бере алды


    В) Қорытындылау.

    1. Араб саяхатшыларының болған жерлерін картадан ата.

    2. Әл-Фараби еңбектерін ата.

    3. М. Қашқари еңбегінің мәні неде?

    4. Қытай саяхатшылары болған жерлер мен қазақ елінің кәсіпшілігіне сипаттама беру.

    5. Еуропа саяхатшыларын атап, болған жерлерін картадан көрсет.

    6. Ортағасыр саяхатшыларының еңбектерінің мәні неде?


    Г) Үйге тапсырма: §6 оқу. Жоспарды түгел дайындау, есте сақтау, кескінді аяқтау.

    Қосымша: 1. Әл-Фараби, М. Қашқари туралы «Адал еңбек жеткізер мұратқа» тақырыбында эссе жазу.

    Ғ) Бағалау.
    Араб музыкасымен сабақты аяқтау.