Главная страница
Контакты

    Главная страница


Қазақ тілі грамматикасындағы ұқсас формаларды оқыту

Скачать 15.67 Kb.



Скачать 15.67 Kb.
Дата17.04.2017
Размер15.67 Kb.

Қазақ тілі грамматикасындағы ұқсас формаларды оқыту


Айнұр ИздашқызыНұрғалиева,

Ақтөбе облысы

Темір ауданы

Шұбарқұдық кенті

Ж.Кереев атындағы орта мектеп


Қазақ тілі грамматикасындағы ұқсас формаларды оқыту


Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі.

«Туған жер-тұғырың,туған тіл-қыдырың»-дейді халық даналығы. Тіл – адамның қоғамдық қатынас құралы, ол үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып, шығармашылық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді.  Қазақ тілі пәнін үйлестіріп тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,тәрбиелеу,оқыту,сауаттылықтарын арттыру, бүгінгі күнде орыс тілде оқытылатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі үшін мемлекеттік маңызы бар,жауапты іс.Осындай үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған ұстаз орыс тілде оқытылатын мектептерде қазақ тілін оқытудың әдістемесін жаңа заман талабымен ұштастыра білу қажет-ақ.Заман алға жылжып,қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру-өмір талабы.

Сондықтан да, қазақ тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғыну,өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы,басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері қазақ тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Тілдік ұғымдар мен заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастыруда көрнекі құрал ретінде кестелер, сызбалар,мысалдарды дұрыс пайдаланған жөн. Мұндай көрнекілік яғни, мысалдар оқушыларға түсіндіріліп отырған құбылыстарды басқа соған ұқсас құбылыстардан ажыратуы үшін тиімдіСол себепті де оқыту процесінде жетістікттерге жету үшін оқушыларға тіліміздің қыр-сырын, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын, ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет және теориялық білімдерін практикалық түрде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Алдымен ол үшін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі грамматикасын меңгерткен кезде, қазақ тілінің грамматикасында кездесетін сыртқы тұлғасы да ,дыбысталуы да бірдей болғанымен ,мағынасы мен қызметі басқа-басқа ұқсас формаларды ажырата білуге үйрету керек.

Оқытылып отырған материалды бұрыңғы біліммен салыстырып ,оның өзіндік белгілерін таныту және ұқсас формаларды мысалдар арқылы былайша ұғындыруға болады:

hello_html_m2b5d0ec0.gif 1) табыс септігінің жалғауы

1hello_html_m4a2efc9c.gifhello_html_m78468947.gifhello_html_m2ca9a92f.gifhello_html_5dac1f64.gif. Ды, ді, ты, ті 2) ІІІ жақтың жіктік жалғауы

3) қатыстық сын есім тудыратын жұрнақ

4 ) жедел өткен шақтың жұрнағы

5) демеулік шылау

1) Табыс септігі кімді?нені? сұрақтарына жауап береді. Жалғаулары мыналар: -ды,-ді,-ты,-ті; Мысалы: Анаң келгенше үй+ді жинастырып қойыңдар

2) Жіктік жалғауы тек көсемшенің –ып,-іп-п,-а,-е,-й жұрнақтарынан кейін ғана жалғанады.

Мысалы: Кешкілік Ырғызбай малға өзі қара+й+ды

3) Қатыстық сын есім тудыратын жұрнақ мысалы:Олар құм+ды жерге орналасыпты

4) Жедел өткен шақтың жұрнағы мысалы: Асан домбыра тарт+ты

5) Демеулік шылау Бұл оқиға бұрын болған-ды


hello_html_2e3776d7.gif1)жатыс септігінің жалғауы

hello_html_33ce09f7.gif2 . Да, де, та, те 2) жалғаулық шылау


1)Жатыс септігінің жалғауының сұрағы кімде? Неде? Жалғаулары: да, -де,-та,-те Мысалы: Олар үй+де күтіп отыр.

2) Ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау: да,де,та,те Мысалы:Үй де , дала да тап-таза.


hello_html_m22589ad.gif 1)Мезгіл үстеуі

3hello_html_me0fb163.gifhello_html_1fb047c8.gif. Кейін 2) мекен үстеуі

3)Септеулік шылау


1) Мезгіл үстеуі қимылдың мезгілін білдіреді.Сұрағы: қашан? қашаннан бері?

Қашан?

Мысалы, Ежелгі дәуір әдебиеті кейін зерттелді.

2) Мекен үстеуі қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді.Сұрағы: қалай қарай? қайда? қайдан?

қайда?

Мысалы, Марат кейін шегінді.

3)Септеулік шылау сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады.Мысалы, Сабақтан кейін кездесу болады.


hello_html_m7e80dcba.gif1) сын есім

4hello_html_776f79d5.gif .Ақ 2) демеулік шылау


1) Сын есім-заттың түр-түсін,сын-сипатын,сапасын,салмағын ,дәмін білдіретін сөз табы.Сұрақтары:қандай? қай?Мысалы, Құралайда ақ бантик бар.

2) Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды,тек қана өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.Мысалы: Мұны мен-ақ білемін.

Бір сөйлемнің ішінде де кездесуі мүмкін Мысалы,Ақ көйлегі жарасып –ақ тұр!

hello_html_26932f8a.gif1 ) сын есім жұрнағы

5hello_html_m1d7cfc78.gifhello_html_m4675b983.gif. -қы,-кі,-ғы,-гі 2) қалау рай жұрнағы

3) зат есім жасайтын жұрнақ

1)Есім сөздерден туынды сын есім жасайтын жұрнақ Мысалы,Біз жаз+ғы демалысты жақсы өткіздік.

2)Қалау рай іс-қимылды орындаушының тілегін,қалауын білдіреді.

Етістік+(-ғы,-гі,-қы,-кі)+тәуелдік жалғау

Мысалы,Біздің сабақ оқы+ғы+мыз келді.

3)Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ Мысалы,Ағашты бұр+ғы арқылы үңгіп тестік.

hello_html_2e3776d7.gif1) жіктеу есімдігі

6hello_html_33ce09f7.gifhello_html_6a52630c.gif. Мен 2) жалғаулық шылау

3) көмектес септігінің жалғауы

1) Жіктеу есімдігі - белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі.Мысалы, Мен ауылда тұрамын.

2)Жалғаулық шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді салыстыра байланыстырады.Мысалы, Ағаларым мен әпкелерімді сыйлаймын.

3) Көмектес септігінің сұрақтары:кіммен?немен? Мысалы, Олар арба+мен тасыды.


hello_html_fb55c5c.gif1) жинақтық сан есім

7hello_html_776f79d5.gif.Біреу 2)белгісіздік есімдігі


1)Жинақтық сан есім (собирательное) жинақталған санды білдіреді.Мысалы,Үйдегі терезе біреу

2)Белгісіздік есімдігі (неопределенные) –затты ,сындық белгіні жорамалдап көрсететін есімдік түрі Мысалы,Сыртта біреу жүр.

hello_html_69a8658d.gif1) Үстеу

8hello_html_m11e20e93.gifhello_html_2dc67b64.gif.Әрі 2 ) жалғаулық шылау

3) септеулік шылау

1) Үстеу –қимылдың әр түрлі белгісін білдіретін сөз табы. Мысалы,Балалар,әрі отырыңдар

2) Жалғаулық шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді салыстыра, тең дәрежеде байланыстырады Ыңғайластық мәндегі жалғаулыққа мысалы, Мұхтар - жазушы,әрі ұстаз

3)Септеулік шылау сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады Ол атау,барыс,шығыс,көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркеседі.Шығыс септігіне қатысты септеулікке мысалы,Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.

hello_html_m2bf881ae.gif1) септеулік шылау

9hello_html_98608df.gif . Сайын 2) зат есім

1) Септеулік шылау сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады.Мысалы, Көрген сайын ойға қаламын.

2) зат есім- ұғымның ,құбылыстың,жалқы есімдердің атын білдіретін сөз табы Сұрақтары:кім?не? кімдер?нелер?Мысалы,Сайын далада күтіп тұр.

Осындай талдауды жақсы меңгерген оқушылар қазақ тілінен грамматикалық ұғымдарды ажырата білуге дағдыланады

Ұқсас формаларды бірден ажырату үшін осындай мысалдар арқылы салыстыру,талдау үлгілерін жүргізіп отыру арқылы үйретуге болатынына көзім жетіп жүр.






  • Темір ауданы
  • Ж.Кереев атындағы орта мектеп
  • кейін
  • 4 .Ақ
  • 7 .Біреу
  • 9 . Сайын