Главная страница
Контакты

    Главная страница


әмір темір

Скачать 18.68 Kb.



Скачать 18.68 Kb.
Дата26.05.2018
Размер18.68 Kb.

әмір темір


Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барласөз. Amir Temur ibn Amir Tarag'ayпарсышаتیمور لنگ‎‎ — Тимур-е ЛәнгАқсақ ТемірТемірлан8 сәуір 1336 жыл, Қожа-Илғыр ауылы, қазіргі Шахрисабз[2] — 18 ақпан 1405 жылОтрар) — атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісіТемір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанадыШыққан тегі[өңдеу]

Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір.

Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханныңтікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.[4]

Жастық шағы мен қалыптасуы[өңдеу]

Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған .

Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын айтады. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді.

Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады» делінген. Рашид ад-Диннің шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық тобына жатқызады. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті.



Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку

Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку

Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".

Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности
№3715 от 13.11.2013).
Получить доступ
Узнать подробнее

  • Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку