Главная страница
Контакты

    Главная страница


Әртеңгілік "Анамның аялы алақаны"

Скачать 12.55 Kb.



Скачать 12.55 Kb.
Дата11.04.2017
Размер12.55 Kb.

Әртеңгілік "Анамның аялы алақаны"


Тақырыбы: «Анамның аялы алақаны»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгіршілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тірбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барасы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!
Ән: «Көңілді күн» (Гүлназ)

Сынып іші: Біржан терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Сол кезде Серік кіріп келіп.

Серік: Біржан, неге көңілсіз жүрсің?

Біржан: -Е,-е, Серік, мен келе жатқан 8-наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Серік: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт...

Біржан: -Жо-о,жоқ! Жарамайды, жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Серік: -Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.

Біржан: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Серік: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір «Ана» туралы ән айтайық.

Ән: «Аналар алтын»

Гүлфайруз: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Аян: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

Гүлжазира: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Мұғалімнің сөзі: Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры ___________беріледі.



Мұғалім сөзі: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Ерасыл:

Ақ сүтінен жаралған Ақ сүтінен нәр алған Анаға бас иеміз! Туған елдің, тілі деп Туған жердің үні деп Анаға бас иеміз.

Сабрина:

Ана деген – адамзаттық данасы Ана деген –сәбилердің панасы. Ана деген – жарық жұлдыз шырағың. Ана деген – қайнар ыстық бұлағы.

Мұғалім сөзі: О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге...
Аян:

Құтты болсын ардақты анам, Асыл анам мерекең. Құтты болсын ұстаздарым, Қуанышты мерекең

Дарина:

Алақаны- ақ самал, Мәпелеген жан ана. Көкте күнәм батса да, Өзің күнсің балаңа.

Мұғалім сөзі: Әсем, ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай келесі ән аналардың құрметіне арналады.

«Ақ мамам» әні орындалады

Көрініс: «Әжесі мен немересі»

Немересі: (Фирдаус) Әже, әже айтыңызшы не іздеп жүрсіз? Бір нарсе жоғалтып алдыңыз ба?

Әжесі: (Дарина) Иә, балам жастық шағымды іздеп жүрмін. Немересі: (Фирдаус) Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой әже.

Әжесі:(Дарина)О, жаным, менің жастық шағым сен екенсің ғой!

Мұғалім сөзі: Баллар, көктем мерекесі тек қана аналардың мерекесі емес, сонымен қатар әжелердің де мерекесі. Сендердің әжелерге де айтатын тілектерің бар шығар.

Фирдаус:

Аналарды сүйеміз, Ақылын ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Біржан:

Аялайық аналарды әрдайым, Қуанышқа бөлейікші өздерін. Әжелердің, аналардың қыздардың. Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Қазір тамашалайтындарыңыз би өнері. Оқушылардың орындауында вальс биі.

Есік қағылып, ішке вальс ырғағымен көйлек киген көктем келеді (құшағында бір құшақ гүлі)

Көктем: (Гүлфайруз) Мен көңілді, көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтың. Түбіне тал еккенмін.

Анамсың ба ару Көктем. Еліме қош келіпсіз! Шуағыңмен нұрыңды мол төге бер.

Көктем: Мынау құшағым толы қыр гүлі, гүлдей жайнаған қыздарыма сыйлағым келіп отыр. Осы гүлдей құлпыра беріңдер. Аяулы аналар, ұстаздар мерекелерің құтты болсын.

Серік:

Әлпештеген баласын, Ана-бақыт, ана-күн Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.

Гүлфайруз:

Бәрі жақсы ананың Барлығы да керек-ау. Бірақ әрбір баланың Өз анасы бөлек-ау.

Мұғалім сөзі: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы Аналарымызды бір сынап көрейік. Ортаға, аналарымызды шақырамыз.

«Аялы алақан ойыны»

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.

Гүлжазира:

Ақыл құйған санама, Күннен артық расында. Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда.

Гүлназ:

Анамыздай аялаған, баптаған, Ұзтаздарым ізгілікке бастаған. Аяулы да, ардақты апайларға, 1-сынып оқушыларынан мың алғыс. Құттықтау бөлімі. (Оқушылар ашықхаттарын береді)

Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі аналарымыздың, ұстаздарымыздың құрметіне арналған «Анамның аялы алақаны» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ардақты әжелер, жер бетіне өмір сыйлаушы аналар, ұстаздар сіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес. Дегенмен де сәбилеріңізді өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Көктемнің мерекесі мерекеге жалғаса берсін!




  • Көрнекілігі
  • Серік
  • Біржан
  • Ән: «Аналар алтын»
  • Көрініс: «Әжесі мен немересі»
  • Әжесі
  • Құттықтау бөлімі.