Главная страница
Контакты

    Главная страница


Қызықты география - географиялық сайыс

Скачать 50.18 Kb.



Скачать 50.18 Kb.
Дата11.04.2017
Размер50.18 Kb.

Қызықты география - географиялық сайыс


Тақырыбы: «Қызықты география»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.
Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдықпен, тапқырлықпен тез жауап беруіне дағдыландыру
Тәрбиелік:Жолдастарына көмек беру, табиғатты суюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Қызықты география» атты сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі сайысқа  сынып оқушылары қатысады, 7 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 3 топ қатысады.

Бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

Оқушыларға төс белгі ретінде «тау», «жазық», «мұхит» суреттерінен өздеріне таңдау жасату. Сол бойынша топқа бөлу және не себепті таңдағандарын тыңдау.

Сонымен 3 топ: «Таулар», «Жазықтар», «Мұхиттар».

Сайыс шарты мен таныстыру.

1-тур «Жүйрік болсаң шауып көр» Сұрақ-жауап. Әр топқа 7 сұрақтан беріледі . сұрақ 1 ұпайдан. Жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап беруге болады.


«Жазықтар» тобына:

1. Цунами толқындары неліктен пайда болады? ( Мұхит астында жер сілкінуден ) 

2. Шығанақ деген не? (Судың құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігі)
 

3. Бір мұхиттың суы ластанса, 2-ші мұхиттың суы таза болуы мүмкін бе? (жоқ)
 

4. Қай теңізде тұздылық жоғары? (Қызыл теңізде)
 

5. Жер шарында судың көлемі үлкен бе, құрлықтың көлемі үлкен бе? (судың)
 

6. Ауаның көлденең бағытта қозғалуы? (жел) 

7Жанартаудан төмен қарай ағатын, ыстық қоймалжың зат? (лава)
 

«Таулар» тобының сұрақтары.

  1. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ? (гейзер) 

  2. Біздің еліміз қай литосфералық тақтаның үстінде орналасқан? (Еуразия тақтасы) 

  3. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан суға үздіксіз ауысу процесі қалай аталады? 
    (дүниежүзілік су айналымы) 

  4. Жер сілкінуді сезетін аспап? (сейсмограф) 

  5. Атлант мұхиты терең бе Үнді мүхиты терең бе? (атлант)

  6. Бір жағы тұщы бір жағы тұзды көл? (Балқаш)

  7. . Судың биік кемерден құлап ағуы? (сарқырама) 

«Мұхиттар» тобының сұрақтары

  1. Барлық меридиан кесіп өтетін материк? (антарктида)

  2. Есімі материкке атау болған саяхатшы? (Веспучи)

  3. Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен? (конго)

  4. Жасанды өзен? (канал)

  5. Мұхит суы ішуге жарамды ма? (жоқ)

  6. Орал қаласы орналасқан жазық? (Шығыс Еуропа)

  7. Аквалангты ойлап тапқан мұхит зерттеушісі? (Жак Ив Кусто)

2-тур «Тапқыр болсаң, тауып көр.» (географиялық координаталарды анықтау ) 5 ұпай 

1) 64 с.е 13б. б. – Исландия аралы Гекла жанартауы
2) 79
0 о е 1690 ш б – Эребус жанартауы

3) 500 о е 700 ш б – Кергелен аралы
4) 19
0 с е. 980 б б. – Орисаба жанаратауы

5) 190 с.е. 1550 б б –Килауза жанартауы

6) 55 0с е. 1600 ш б- Ключевск жанартауы

3-тур.«Алғыр болсаң анықта.» арал,түбектерді кескініне қарап анықтау.





4-тур.«Бірлесе көтерген жүк жеңіл.»3мин

«План және карта», «Гидросфера», «Литосфера», «Атмосфера» тақырыптарына сай келетін ұғымдарды бөліп ажырату.

Бағдарлау, азимут, план,масштаб, глобус, меридиан, параллель, географиялық ендік, градус торы.координата, компас, карта, шартты белгі.
Кратер, лава, магма, гейзер,үстірт,эпицентр, гранит, қырат, литосфералық тақта,ядро, жазық,таулы өлке, жер қыртысы.
Бұғаз ,шығанақ, теңіз, толқын, ағыс, цунами, Гольфстрим,аңғар, жайылма,бөген, канал, бастау, атырау, артезиа, мұздық, сарқырама.

5-тур.«Ойлы болсаң озып көр.» Қатесін тап. 5 мин

«Мұхиттар» тобына

Куба аралынан оңтүстік бағытта жүзіп, Панама бұғазы арқылы Тынық мұхитына шықтым. Кемені солтүстікке қарай бұрып, Оңтүстік Америка материгінің батыс жағалауымен жүзи бердім. Материкті жағалап ұзаааақ жүздім. 1 ай жүзіп Аляска теңізіне келіп жеттім. Сәл аялдағаннан кейін батыс бағытта жүзіп Алеут аралдары арқылы бір үлкен теңізге шықтық.(қай теңіз?) Сол теңіздің атауымен аталатын бұғаз арқылы (қай бұғаз)тағы да бір мұхит айдынына өттік. (қай мұхит)

«Таулар» тобына

Орал тауына саяхат жасаған кезде мен бұл жас әрі биік таудың солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасып,материкті екі дүние бөлігіне бөліп тұрғанының куәсі болдым. Таудың батсында улкен Батыс Сібір жазығы, шығысында Шығыс Еуропа жазығы жатыр. Таудың солтүстігі Қазақстан территориясында Мұғалжар деген атпен белгілі. Таудан Жайық , Тобыл, Ертіс өзендері басталады.

«Жазықтар» тобына

Мен амазонка ойпатына саяхаттағым келеді. Ол үшін алдымен сонааау алыстағы Оңтүстік Америка материгінің оңтүстігіне жетіп алу керек. Ол жерде көбіне көп қайықпен жүзуге тура келеді. (неге?) Ойпатта солтүстіктен оңтүстікке қарай Амазонка өзені ағып, Кариб теңізіне құяды. Ойпаттың оңтүстігі Гвиана қыраты мен, солтүстігі Бразилия таулы үстіртіне ұласқан.

6-тур «Сандар сөйлейді»

Бұл бөлімде тақтада сандар жазылып шығады, топтар ол сандардың қандай объектіге тиісті екенін табады. 

«Мұхиттар» 8848м, 1054м,, 35 0/00. «Таулар» : 6695м, 1620м, 180млн км2, «Жазықтар» сандар11022м, 6193м, 95%,


8848 м -- Джомолунгма шыңының биіктігі
 
1054 м -- Анхель сарқырамасының биіктігі
 
6695 м-- Хан-Тәңірі шыңының биіктігі
 
1620 м -- Байкал көлінің тереңдігі
 
180 млн км2,-- Тынық мұхиттың ауданы
 
11022 м-- Мариан шұңғымасының тереңдігі
 

Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.

Тұрғыны жоқ елдер,үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,суы жоқ теңіздер. (карта)

Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,  Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең. 
Адамзат, жан-жануар арасында,
 
Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген. (Жер)
 

Сілкінетін жері көп,

 Шектесетін елі жоқ.

(Жапония)

Аралайық әлемді,

Берем дерек, дәлелді.

Табыңдаршы өздерің

Жұмбақтадым кай елді?

Айтыңдаршы ал енді,

¥лы қорған бар елді.

(Қытай)

Айтыңдаршы ал енді,

Кенгуруі бар елді.

(Австралия)

Айтыңдаршы ал енді,

 Пирамидалар бар елді.

(Мысыр)


Көк жүзінде көк жолақ, 
Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ)
 
ІІІ. Қорытынды бөлім: 

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Әділқазылар алқасына сөз беру. Топтарды марапаттау. 

Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білімнің шыңына.Дарындылық пен тапқырлық,Жеткізеді сіздерді,География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.



Сабақтың кезеңдері: 1. «Сәлем сөздің анасы» (Топтардың таныстыруы, ұраны, эмблема, 
топ атына байланысты макет) 5 ұпай
 

4. «Жүйрік болсаң шауып көр.» (Ең ?, ең?, ең?)
 
Әр сұраққа 1 ұпайдан
 
5. (Географиялық есептер шешу)
 
10 ұпай
 
6. «Ойлы болсаң озы
п көр.» (Сандардың қандай объектіге тиісті 
екендігін анықтау)
 
Әр сұраққа 1 ұпайдан
 
7. «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.»
 
(Жұмбақтардың жауабын табу.)
 
Әр сұраққа 1 ұпайдан
 
8. (Сөзжұмбақ шешу) 10 ұпай
 

9. «Мен қайдамын?» (Картадан объектілерді табу)
 
Әр сұраққа 1 ұпайдан
 
10. «Батыр болсаң қол баста.» (Топ басшылар сайысы)
 
5 ұпай
 

Топтарды және әділ қазылар алқасын сайыс кезеңдерімен және шарттарымен таныстырып, әділ қазылар алқасына бағалау парақтарын беру.
 

Сабақты бастау
 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
 

Көңілді тапқырлар, алғырлар,
 
Бар өнерін алдарыңа салады.
 
Кім білімді,көп оқыған болса егер,
 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
 

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
 
Озып шықсын: кім білімді, кім күшті.
 
Жеңіп шығар әділдікпен жемісті,
 
Дейміз де, сайысымызды бастаймыз.- дей отырып, бүгінгі 6 сыныптар арасында болатын
 

«Географиялық білім бәйгесі» атты интеллектуалды танымдық ойын-сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыс барысында сендер Жердің қабықтары- литосфера, гидросфера және атмосфера тараулары бойынша алған білімдеріңді, ой- өрістеріңді, ақылдарың мен ептіліктерің-ді ортаға салатын боласыңдар.
 

І кезең: «Сәлем сөздің анасы»
 
Топтар сәлемдесуін, ұранын айтады, әділ қазылар алқасына эмблемаларын және өздері жасап
 
келген топ атына байланысты макеттерін қорғайды.
 

ІІ кезең: «Жүйрік атқа жел қамшы.»
 
Мұнда әр топқа 5 сұрақтан беріледі, топтар жылдам жауап беруі керек. Әр сұрақ 1 балмен бағаланады.Күдік болмауы үшін, шар ішіндегі бір ғана сұраққа қай топ бірінші болып жауап берсе, сұрақтарға жауап беруді сол топтан бастаймыз.Сұрақтарға жауап беруі үшін, топ басшысы келіп, қазақы аяққапқа салынған асықтарды араластырып, біреуін алады, нешінші нөмірлі асық түссе, сол нөмірлі кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді.
 

Сұрақтар:
 

1. Цунами толқындары неліктен пайда болады? ( Мұхит астында жер сілкінуден )
 

2. Шығанақ деген не? (Судың құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігі)
 

3. Бір мұхиттың суы ластанса, 2-ші мұхиттың суы таза болуы мүмкін бе? (жоқ)
 

4. Қай теңізде тұздылық жоғары? (Қызыл теңізде)
 

5. Әрбір 100 метрге көтерілгенде ауаның температурасы қанша градусқа төмендейді?
 
(0,60С-қа)
 
6. Ауаның көлденең бағытта қозғалуы? (жел)
 

7. Жер шарында судың көлемі үлкен бе, құрлықтың көлемі үлкен бе? (судың)
 

8. Ең алғаш литосфералық тақталар теориясының негізін салған ғалым? (А. Вегенер)
 

9. Жердің су қабығы? (Гидросфера)
 

10. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары қаншаға бөлінеді? (3-ке)
 

11. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ? (гейзер)
 

12. Аласа таулардың биіктігі қанша болады? (500-1000 м)
 

13. Жанартаудан төмен қарай ағатын, ыстық қоймалжың зат? (лава)
 

14. Біздің еліміз қай литосфералық тақтаның үстінде орналасқан? (Еуразия тақтасы)
 

15. Бір тәулікте бағытын екі рет өзгертетін жел? (бриз)
 

16. Жер бетіне ауадан келіп түсетін ылғал? (жауын-шашын)
 

17. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан суға үздіксіз ауысу процесі қалай аталады?
 
(дүниежүзілік су айналымы)
 
18. Мұздықтар қаншаға бөлінеді,олар қалай аталады?(2-ге тау және жабынды мұздықтар)
 

19. Теңіз қарақшысының атына қойылған бұғаз? (Дрейк бұғазы)
 

20. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы? (атмосфералық қысым)
 

21. Жер қыртысы мен ядроның арасындағы қабат? (мантия)
 

22. Судың биік кемерден құлап ағуы? (сарқырама)
 

23. Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан? (қоңыржай)
 

24. Ақпан айы 29-на біткен жыл қалай аталады? (кібісе жылы)
 

25. Жер сілкінуді сезетін аспап? (сейсмограф)
 

ІІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр.»
 
Бұл бөлімде интерактивті тақтада мұхиттардың, теңіздердің көлдердің, аралдардың, шығанақтарды және материктердің кескіндері берілген, оқушылар қандай объект екенін атласқа қарап, анықтауы керек.
 
Шар ішіндегі сұраққа жауап берген топтан бастаймыз.
 

Берілген объектілкр: Африка материгі, Гренландия аралы, Аустралия материгі, Каспий теңізі,Еуразия материгі,Байкал көлі,Оңтүстік Америка материгі,Тынық мұхиты, Мадагаскар аралы, Арал теңізі, Жаңа Гвинея аралы, Балқаш көлі,
 

ІV кезең: «Жүйрік болсаң шауып көр.»
 
Бұл бөлімде ең.....ең.....ең.... деген сұрақтарға жауап беруі керек. Ол үшін қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапай» ойналады. Қай топ көп асық жинаса, жауап беруді бірінші болып сол топтан бастаймыз.
 
Ең.....ең.....ең..... сұрақтары:
 
1. Ең үлкен түбек? (Арабия)
 
2. Ең ескі тау? (Орал)
 
3. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-Тәңірі)
 
4. Ең биік сөнбеген жанартау? (Ключи Шоқысы)
 
5. Ең суық мұхит? (Солтүстік Мұзды)
 
6. Ең терең шұңғыма? (Мариана)
 
7. Ең биік шың? (Джомолунгма)
 
8. Ең ащы теңіз? (Қызыл)
 
9. Ең ұзын бұғаз? (Мозамбик)
 
10. Ең үлкен арал? (Гренландия)
 
11. Ең терең көл? (Байкал)
 
12. Ең биік сарқырама? (Анхель)
 
13. Ең суы мол өзен? (Амазонка)
 
14. Ең ұзын өзен? (Ніл)
 
15. Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий)
 
16. Ең қуатты жылы ағыс? (Гольфстрим)
 
17. Қазақстандағы ең лайлы өзен? (Сырдария)
 
18. Ең биіктегі бұлт? (Шарбы)
 
19. Ең үлкен ойпат? (Амазонка)
 

V кезең: «Алғыр болсаң шешіп көр.»
 
Бұл бөлімде үш топқа бір-бірден географиялық есеп беріледі, соны топ болып шешуі керек. Тақтада есеп жазылған үш қағаз теріс қарап, ілінген, топ басшылары келіп алады.
 
Есептер:
 
1. Таудың етегінде температура +20 0, ал шыңында -16 0 болса, таудың биіктігі қандай?
 
Шешуі: +20 0--(-16 0)= 36 0 36:6 =6 км
 
Жауабы: Таудың биіктігі 6 км
 

2. Барометр тау етегінде 740 мм, ал тау басында 440 мм көрсетсе, тау басының биіктігі қандай? Шешуі: (740-440) х10=3000 м
 
Жауабы: Тау басының биіктігі 3000 м
 



3. Үш километр биіктікте термометр 00 градусты көрсетті. Осы кезде тау етегінде температура қандай болады? Шешуі: 60 х 3=180
 
Жауабы: Тау етегінде температура 180
 

VІ кезең: «Ойлы болсаң озып көр.»
 

VІІ кезең: «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.»
 
Бұл бөлімде сандықша ашылады. Сандықшада жұмбақтар бар, сол жұмбақтардың жауабын табу керек. Шар ішіндегі сұраққа жауап берген топтан бастаймыз.
 

Жұмбақтар:
 
Қара таудың басында, Қанатсы құс маңып барады,
 
Киік кетіп барады, Көзінен жасы тамып барады. ( Бұлт)
 
Қол-аяғын бауырына, Әне , барады өзі,
 
Жиып кетіп барады. (Тұман) Көрінбейді ізі. (Жел)
 

Көк жүзінде көк жолақ,
 
Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ)
 

Күн астында көк шұбар, Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
 
Одан асау жоқ шығар. Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең.
 
Жарытпайды ол қоныстап, Адамзат, жан-жануар арасында,
 
Тұра алмайсың оны ұстап. (Өзен) Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген. (Жер)
 


VІІІ кезең: «Бірлесе көтерген жүк жеңіл.»
 
Бұл бөлімде сөзжұмбақ шешу беріледі, топ басшылары конвертті өздері таңдап алады, топ болып бірлесіп шешеді.
 


ІХ кезең: «Мен қайдамын?»
 
Мұнда бір топ екіншісіне кез келген бір объекті айтады, қарсы топ картадан көрсетеді.
 
Х кезең: «Батыр болсаң қол баста.»
 
Бұл бөлімде топ басшылары күш сынасады, кеспе қағазда бес топтың басшысына арналған жұмбақ сұрақтар жазылған, топпен ойласпай өзі жауап беруі керек.
 

1. Балалар тау басына саяхатқа шықты, олардың көтерілген жерлері 3 км биіктік еді. Кенет, кейбір балалардың бастары айналып, жүректері көтеріліп, мұрындарынан қан кете бастады, бұл әдеттегідей құбылыс еді. Бұл қандай құбылыс?
 
(атмосфералық қысым)
 

2.Миллиондаған жылдарда пайда болады, өзі қатты болса да, өсімдіктердің әсерінен де, судың әсерінен де бұзылып, жоқ болып кетеді. Ол жерде қалың ормандар да, мұздар мен қарлар да, жануарлар да болады. Олардың өте ескілері де, жастары да болады. Қойнаулары пайдалы қазбаларға да бай болады. Бұл не? (таулар)
 

3. Көлемі 20 см, салмағы кейде 1,5 кг-ға дейін барады, көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді. Бұл құбылыс жаңбыр кезінде болады, нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді. Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болады. Бұл не?
 
(бұршақ)
 

4. Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек, түбінде тұздар және органикалық заттар жинақталады. Ол ащы және тұщы болады, деңгейі өзгеріп тұрады. Жер сілкінген кездегі жарықтарда және де басқадай құбылыстар кезінде пайда болады. Бұл не? (көл)
 

5. Жазда ғана болады. Өзі мөлдір моншаққа ұқсайды, жұмсақ, үлкейткіш құрал арқылы жақсы көрінеді. Сен жүрсең жабысып қалмайды, өзі кішкентай болса да, атмосфералық құбылысқа жатады. Бұл құбылыс қалай аталады? (шық)
 



І –тур. Блиц турнир (сұрақтар).

Таулар тобына

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік жанартау (Килиманджаро)
5. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
6. Ең биік шың?

7. Ең суы мол өзен?

8. Дүниежүзілік мұхиттағы ең үлкен ағыс? ((Батыс Желдер)

9. Әйгілі фрацуз мұхит зерттеушісі ?

10. Орал қаласы орналасқан жазық? (Шығыс Еуропа)

Жазықтар тобына

  1. Ең үлкен көл?

  2. Ең ұзын өзен?

  3. Қазақстанның ең биік нүктесі?

  4. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері?

  5. Ең үлкен арал?

  6. Ең кішкентай материк?

  7. Аквалангты ойлап тапқан кім?

  8. Жер шарын алғаш айналып шыққан кім?

  9. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)

  10. Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)

Мұхиттар тобына.


ІІ Тур бойынша 3 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.







  • ІІІ. Қорытынды бөлім