Главная страница
Контакты

    Главная страница


"Менің өмірімдегі үштілділік" Эссе




Дата17.01.2020
Размер9.23 Kb.

"Менің өмірімдегі үштілділік" Эссе



«Менің өмірімдегі үштілділік»


Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, сондықтан менің ана тілім – қазақ тілі. Мен үшін қазақ тілі – ұлттық қазына және мәдениетіміздің бір бөлігі.

Біз инновациялық әлемде сүріп жатқандықтан, біздің еліміз прогрессивті елдермен қатар болуы керек.Сондықтан, осы мақсатқа жету үшін, біз кем дегенде үш тілді білуіміз қажет. Шынында да, кез-келген қазақстандық үшін, үштілділік үлкен әлемге жол ашады. Атап айтқанда, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуға, басты назар аудару қажет.

Үштілділік менің өмірімде өте манызды орын алды. Қазіргі уақытта мен екі тілді жетік білемін, қазақ тілін және орыс тілін. Қазақ тілі – біздің мемлекеттік тіліміз, орыс тілі – ұлттаралық қатынас тілі болып саналады. Енді менің басты мақсатым – ағылшын тілін жетік менгеру.

Жақында біздің өмірімізге орасан зор прогресс әкелетін, жаңа технологиялар пайда болды. Ағылшын тілін білу ғылым мен цифорлық технологиялар тұрғысынан, адамдарға үлкен мүмкіндіктер ашады.Айналаңызға қарасаныз, ағылшын тілі біздің күнделікті өміріміздің бөлігі екенін байқайсыз. Кез-келген жерде мен қандайда бір жазу, ағылшын тілінде жазылғанын көре аламын.

Менің ойымша, ағылшын тілі менің өмірімде үлкен рөл атқарады. Өйткені, ол ресми түрде халықаралық тіл болып саналады. Сондықтан мен болашақта үлкен мансаптық жетістіктерге жету үшін, оны білуім өте қажет деп санаймын.

Ағылшын тілі сияқты, орыс тілі де әлемдегі ең күрделі тілдердің бірі болып саналады. Мен бала кезімнен бастап орыс тілінде сөйлескендіктен, оның грамматикасы мен сөздік қорын оқып үйрену маған қиын болған емес. Сонымен қатар, мен орыс жазушылараның шығармаларын, оригиналда оқығанды ұнатамын, және де әрдайым орыс тілінің сөздік қорына қаншалықты бай екендігіне таңғаламын. Менің ойымша, бұл тілдің мүмкіндіктері шексіз. Оны өмір бойы үйренсемде, күн сайын жаңа нәрсені біліп отырамын, бәрібір орыс тілдің бүкіл құпиясын ашалмайсыз.

Қазір көптеген адамдар шет тілдерін үйренуге тырысады, әрине, бұл оңай жұмыс емес, сондықтан мен бір тілмен шектелмейтін, басқада тілдерді үйренетін адамдарды құрметтеймін. Шынында да, шет тілін үйрену үшін көп уақыт пен еңбек қажет. Әжем маған үнемі туған тілімізді әр қашан қорғауымыз керек, оны ешқашан ұмытпай, өз салт- дәстүрлерімізді құрметтеп өмір сүру, әр қазақтың парызы деп айтатың. Себебі бұл тіл, менің ата- анамның тілі және де бүкіл қазақ халқының тілі болып саналады.

Қорыта келе, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте»-деген халқымыздың даналық сөздерімен мен толық келесемін. Себебі әр тілдің өзіннің жақсы қасиеттері бар, бірақ мен үшін ең жақын, әрине - қазақ тілі.Үштілділік менің өмірімде маңызды орын алды. Сондықтан мен, үш тілде білім беруді енгізу болашақта қазақ халқын әлемдік аренада бәсекеге қабілетті етеді деп сенемін. Себебі үштілділік - жетістікке апаратын жол.

Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку

Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку

Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".

Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности
№3715 от 13.11.2013).
Получить доступ
Узнать подробнее

  • Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку