Главная страница
Контакты

    Главная страница


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Скачать 28.02 Kb.



Скачать 28.02 Kb.
Дата11.04.2017
Размер28.02 Kb.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды [1]. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр [2].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған ел азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп айқын көрсетілген [3].

Функционалдық сауаттылық-  адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе  алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым- қатынас жасай жасай алуының деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белғілі бір мәдени  ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым- қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол- ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім — біліктерден көрніс табылады. Өйткені функционалдық сауттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс- әрекеттердің нәтежесі ретінде, қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтежесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі фукционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу  тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым — қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдылардын дамытудың негізі, әлеуметтік —  мәдени дамудың өлшемі, білім, білік дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, пробелемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады .

Функционалдық сауттылықты қалыатастыру —  қазақ тілі сабақтарыңда оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру — оқушылардың танымдық — қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім  мазұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойые, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылып отыр [4].

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңартулар мемлекеттің саяси және рухани дамуынан туындайтын мәселе болып табылады. Өмір өзгеріске ұшыраған сайын, қоғам ілгері дамып, жетілген сайын білімнің де атқарары мол. Сол себепті білім беру мазұнында жаңа бет бұрыс, жаңа бағыт, жаңа талаптар қалыптасуда қазіргі оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану құлаш алуда. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру ұғымдарын бірлікте қарастырғанда ғана білімдар, тағылымы мол, ақыл — парасаты биік оқушы қалыптасады.

Шәкірт білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтын ішкі мүмкіндігіне,  оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, біліктіліктері мен дағдыларын іскерлік пен дамытуына байланысты.

Үйрену адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде қалыптасады. Осыны есте ұстай отырып, қазақ тілінің ерекше жоғары мазұнын ашудың терең қыр сырынан тоқталамыз. Ең басты мақсат оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сөлеу  әрекетін дамыту, тіл құпияларына жетелеу, сөйлеу әдебі мен мәдениетін меңгерту, оқушының тілге деген саналық көз қарасын қалыптастыру болып табылады.

Тілге қатысты функционалдық сауаттылық- тілдік ережелерді түсіну- тілдік нормаларды сақтау- іс әрекет тәсілдерін меңгеру болады. Тілді меңгеруде грамматиканың орны ерекше өйткені онсыз ойды жыйнақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан грамматиканы толық қанды тілдесімге жетудің құралы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мен өз шығармашылық жұмысымды «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа иновацияалық әдіс тәсілдерді еңгізе отырып оқушылардың аузша және жазбаша сөйлеу мәдениетін және ойын жүйелі жеткізе білу дағдысын жетілдіру» — деп атадым. Осы орайда өзімнің  педогогикалық міндетімде осы жұмыстардың білгілі бір мақсатқа жетуіне баса назар аударып жұмыс жасап келемін. Өткізетін әр сабақтар мен тәрбиелік шараларының басты мақстаы етіп төмендегі бағыттарды ұстанамын:

  1. оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға баулу;

  2. шапшандылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;

  3. оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау дағдысын жетілдіру, әдеби тілде өзіндік ойларын шебер жетізе білуге дағдыландыру;

  4. оқушылардың ана тіліне әдебиетіне деген қызығушылығын ояту мен арттыру;

  5. қазақ тілі мен әдебиет сабақтары мен өнер сабақтары мен тарихпен қоршаған ортамен байланыстыра өткізу;

  6. оқушылардың лингвистикалық дүние танымын қалыптастыру;

  7. оқушыларды шешендікке шебер сөйлеуге баулу;

  8. оқушылардың өз білімін қажетіне қарай орынды пайдалана білуге үйрету.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту арқылы сөз мағыналарын дұрыс ажырата білуге, көркем әрі шешен сөйлеуге баулу- қазіргі заман талабының басты міндеттері. Оқушылардың тілін ұстартуға баса назар аударуға байланысты сөйлеудің диологтік және монологтік түрлерін, олардың ерекшеліктері мен байланыстарын түсіндіру арқылы оқушы дағдысын жетілдіру мақсат етіледі.

Қазіргі қоғамда техниканың дамуына сай оқушылардың көркем әдебиетке тіл өнеріне қызығушылығы төмен. Олар өздеріне қажетті ақпараттық техникалық құралдары арқылы (компьютер, ғаламтор жүйесі т.б) алады. Алған мағұлматтарды тек есінде ғана сақтап қояды, ал ауызша сөйлеу арқылы жеткізу дағдысы төмен. Көркем шығарманы оқып, оны талдап, өзінің тілін, ойын жаттықтыратын оқушылар сирек кездеседі. Оқығандарының мазмұнын айту, оны өз сөзімен жеткізу үшін оқығанды толық түінуге баулудың маңызы зор.

Әр сабақта оқушыларға сөздік қорларының жеткілікті мақсат болу етіп отыр бұл жағдайдың басқа сөзін дұрыс ұғынуға дұрыс жол ашатындығына көзерін жеткізуге тырысамын. Негізгі мақсат:

оқушылпрдың қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ой ұшқырлығын дамыту;

сөйлеу шеберлігін шындау;

тіл мәдениетін көтеру;

пәнге деген қызығушылығын арттыру;

оқушылардың ізденгіштік, танымдық іс әрекетін, көз қарасын қалыптастыру;

жеке тұлға ретінде белсенді сезіне білуге тәрбиелеу;

Пәндік сауалнамалар тестік тапсырмалар беру арқылы оқушы қабілетінің есекрудің маңызы өте зор. Оқушымен жеке жұмыста эссе, шығарма жазу, ойтолғау, сұрақ жауап мәнерлеп оқуға баулудың ерекше тиімді жағы бар [5].

Функционалдық сауттылық — тілдік тұлғаның әлеуметтік — қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өз мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Бірақ үйренетін тілдің ауқмдылығы грамматикалық жүйе туралы ережелер, категориялар, ұғымдар туралы білімдер сол тілді меңгергендіктің көрсеткіші бола алмайды. Үйреніп отырған тілде шынайы коммуникациялық тілдесімге түскенде ғана сол тілде сөйлеу сауаттылығына қол жеткізіледі. Қазақ тілін қарым — қатынас құралы ретінде функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматика сөйлеудегі үйретуге қызмет етеді және  қолданбалы мәнге ие болады. Себебі ол оқушылардың өзге тілде сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына; айтылған сөзді бақылап, талап етілген грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде құра алу үшін керек.Еңбекте грамматикалық дағды, оның түрлері және дағдының қалыптасуы туралы тұжырымдар ұсынылады. Дағдыны қалыптастыруда жүргізілетін жаттығу түрлері сараланды.

Тәжірибе ретінде оқушыларды сауттылыққа жетелейтін бірнеше тапсырмалар мен тест тапсырмаларын ұсынамыз.

  1. Әдеби ойын түрінде өткізілетін жұмыс түрлері:

«Сұрақ — жауап» ойыны.

Шарты: оқушыларға мақалдың негізінде құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті сұрақпен жауап беру керек.

Мысалы, сұрақ: -Қасқыр қарызынан қалай құтылады?

Жауап:— Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады.

Мысалдар: — Кімнің құлағы елу?

  • Ең ардақты ат.

  • Адамдықтың белгісі не?

  • Надандықтың белгісі не?

  • Кімнің өрісі кең?

Ой қисынына негізделген жаттығу.

Шарты: төмендегі  бірінші бағанда көрсетілген құбылыс- аттарға екінші бағандағы белгі қасиеттердің қайсысы тән? Тірекестіріп ата және тіркестердің мағынасы бір — ақ сөзбен, яғни синониммен түсіндіру.

Мысалы:

Жүрек перде

Қаранғылық шыжық

Тағдыр от

Үміт сызық

Жауап: Жүректің көзі — саналылық;

Қараңғылық пердесі- надандық;

Тағдыардың сызығы- жазмыш;

Үміттің оты- үміттену;

Өмірдің шыжығы — қайғы;

  1. Әрине сабақ барысында оқушылар арасында ұжымдық, топтық, жүпттық, жұмыс түрлерін қолданамыз.

Мәтінді ұжымдық оқу.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен ескі кітаптарждан әңгімелер, ертегілер, көрнекіліктері бар өлендерді қырқып алып қатты беттерге жабыстырады. осы арқылы сыныпта қанша оқушы болса сонша мәтін дайындауға болады. Ә кім өз карточкасын алып оқыйды. Егер түсініксіз сөйлемдер болса мұғалімнен сұрап алады. Осыдан кейін жүптармен дұмыс істеу басталадфы. Оқушылар өз әңгімелерін кезекпен кезек серіктерін оқып көрнекілктеріне қарап аударады, бір-бірлеріне  сұрақтар қояды, осыдан кейін карточкалар ауыстырлады. Мұндай ұжымның әр бір мүшесі әңгімені қалайда көбірек оқып шығуға тырысады, ол үшін әрбір әңгіме өзінше қызық әрі жаңа 20-30 минуттық ұжымдық жұмыстан соң оқушылар «кім-кіммен жұмыс істеді?», «әңгімені қанша рет қайталап оқыды?», қандай әңгіме көбірек ұнады? деген сияқты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  1. Оқушылардың ізденпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында, біз бірлесе отырып бір жылдық тест тапсырмаларын құрдық. Бұл тест А және Бблогтарынан тұрады. А блогы — оқушылардың ойлау өрістерін кеңейтсе,

Б блогы —  шығармашылыққа жетелейді.

А блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Нұсқаның дұрыс жауабын табыңыз.

Дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріпті белгілеңіз.

  1. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз?

А) б,в,г,д,ж

В)с,ф,ш,х,ч

С)й,л,м,н,ң

Д)қ,к,с,х,б

Е)б,в,г,д,ғ

2.Бітеу буыннан құралған сөздерді табыңыз.

А) аға,ана, таға

В)ас,тас,қас

С)кеме,киік,төр

Д)терезе,кебеже,арғымақ

Е)мектеп,дәптер,қалмақ

Б блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. тапсырманы орындаңыз. Жауабын жауап парағының тиісті орнына жазыңыз.

1.Тірек сызба бойынша сөйлем ұүрастырыңыз.

Менің әуес ісім

Кітап оқу.

Фотаға түсіру.

Сурет салу.

2.Мәтінді оқып, ат қойындар.

Күнделікті фотаға түсуге қызығатын адамдар бар. Фотоөнер-қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.

Қорытындылай келе оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын меңгерген оқушылардың білімдері мен біліктерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әр түрлі ақпараттық көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пйдалануды қамтамасыз етеді. Тіл мәселесі, әсіресе небір тар жол,  тайғақ кешулерді бастан откерген қазақ тілінің мәселесі қашанда өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс тәсілдерінің іздестіруі қажеттілігі қазіргі таңдарда да қарастырып келе жатқан мәселе. Қоғам ілгері дамығагн сайын оқыту мазмұнцы да күнделікті жаңарып жетіліп отырады.

Түйін сөз: Оқушылардың функционалдық дамытуда бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиет  пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Бүгінгі заман білектің есем, білімнің заманы» дегенін ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістіге сапалы білім мен саналы тәрбие алған шәкірттерінде болмақ.

 




  • «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа иновацияалық әдіс тәсілдерді еңгізе отырып оқушылардың аузша және жазбаша сөйлеу мәдениетін және ойын жүйелі жеткізе білу дағдысын жетілдіру»
  • Негізгі мақсат
  • «Сұрақ — жауап» ойыны.
  • Ой қисынына негізделген жаттығу.
  • Әрине сабақ барысында оқушылар арасында ұжымдық, топтық, жүпттық
  • Мәтінді ұжымдық оқу.
  • Бүгінгі заман білектің есем, білімнің заманы»