Главная страница
Контакты

    Главная страница


Планирование по математике "Педагогикалық тұжырымдамам"




Дата03.05.2017
Размер2.29 Kb.

Планирование по математике "Педагогикалық тұжырымдамам"


Менің педагогикалық ұстанымым:

“Сабақты беру – үйреншікті  жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңалық табатын өнер.”

Ж. Аймауытов

Педагогикалық  тұжырымдамам:

Үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Менің жұмыс жасайтын мәселем:

“Оқытуды ғылыми және педагогикалық тұрғыдан дамыту арқылы оқушыларға сапалы және терең білім беру.”

Менің педагогикалық тұғырнамам:

Менің рухани интеллектуалдық және өмірлік тәжірибем барысында қалыптасқан педагогикалық тұғырнамам келесі компоненттерден тұрады:

  • Оқытуды бүгінгі күн талабына сай – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс – әрекетке қабілетті, дарынды, елжанды, еркін тұлға тәрбиелеу;

  • Интеллектуалдық, зиялы және білімді тұлға тәрбиелеу үшін өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіріп отыру;

  • Оқытудың озық заманауи әдістері мен тәсілдерін, құралдарын игеру арқылы білім беру процесін жетілдіру;

Менің  сайтымды ашудағы негізгі мақсатым:

• Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды кеңінен насихаттау;

• Интернет желісі арқылы таралатын қазақша ақпаратты көбейтуге үлес қосу;

• Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

• Әріптестер арасында тығыз қарым-қатынас орнату;

• Қазақ математиктерінің біртұтас ақпараттық ортасын құру;

• Қазақ математиктерінің Виртуальді әдістеме бірлестігін құру.

• Электронды портфолио жүйесін дамыту.



  • Менің педагогикалық тұғырнамам