Главная страница
Контакты

    Главная страница


Сабақ жоспары "Циклдік алгоритм" тақырыбына арналған (6 сынып )

Скачать 15.83 Kb.



Скачать 15.83 Kb.
Дата11.04.2017
Размер15.83 Kb.

Сабақ жоспары "Циклдік алгоритм" тақырыбына арналған (6 сынып )


Сыныбы: 6 «Ә» Күні: 29.11.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  циклдік  алгоритм  типтері  туралы білімдерін қалыптастыру. 

Сабақтың міндеттері:

 1.Оқушыларға циклдық  алгоритм типімен және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

2. Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту арқылы логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Сабақ барысында топпен жұмыс жасай отырып оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру                                                      

Сабақтың түрі:аралас.                                                                                  

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бірлесіп постерге сурет салу арқылы  көрсете түсіндіру , жаңа технологияны  пайдалану.

Сабаққа қажетті құралдар: Компьютер -12, бейнепроектор, қағаз, маркер, стикерлер. 

Пән аралық байланыс: математика,бейнелеу өнері, әдебиет.                                 

 Күтілетін нәтиже:Алгоритм типі бойынша бірнеше рет қайталану арқылы орындалатын  циклдық алгоритмді  үйренеді,  бірлескен топтық жұмыста атқарушы «Ботаның» тапсырмаларын орындай  отырып жаңа тақырыпты меңгереді.             

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. 

А) Компьютермен жұмыс.

Ә) Сиқырлы қалам.

Б) Сергіту жаттығуы.

IV. Сабақты бекіту. Постермен жұмыс.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

VII. Кері байланыс.

І.Ұйымдастыру кезеңі.


3-мин

 


«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай оқушының өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.

Оқушылар барлығы бірдей «Рахмет» сөзімен сабақты бастайды.

ІІ.Үйге берілгенге шолу.

4-мин

Үйге берілген тапсырманы «Сызықтық және тармақталған алгоритмге мысал келтіру» дайындықтарын байқаймыз.

Тест тапсырмасы.

Оқушылар өзара  әрбір тапсырмаға топ мүшелері кезек-кезек жауап беру арқылы орындайды. 

ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.

 

7 -мин

Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып, жаңа тақырыпты анықтаймын.

Топпен бірлесе отырып жауап береді. Туындаған сұрақтарға топ болып жауабын анықтайды.

Глоссарий (Терминдермен жұмыс)

3-мин

Бүгінгі тақырып бойынша ережелермен таныстыру.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып дәптерлеріне жазады.

Компьютермен жұмыс.

10-мин

Циклдық алгоримді қалай құру керектігін көрсетіп Күлшеқыздың дайын қамырдан құймақ пісіру алгоритмін құруға тапсырма беремін. 

Оқушылар тапсырмаларды алып жеке-жеке компьютерде жұмыс жасайды.

Сиқырлы қалам.

5-мин

Атқарушы «Ботаның» командалары арқылы  1 топқа А әрпінің , 2 топқа Б әрпінің суретін салуға тапсырма беремін. 

Мына суретті қалай салғандарыңды түсіндіріңдер? 

Оқушылар суретке қарап жауап программасын қалай салғандарын түсіндіріп береді.

Қызығушылық ояту.

 

 

3-мин

Сергіту сәті. Физминутка.

Оқушылар өз орындарындарынан тұрып бейнежазбаны бақылай отырып жаттығу жасайды.

Сабақты бекіту.

Постермен жұмыс.

5-мин

Ispring Suite бағдарламасында үш тілде қойылған сұрақтарға жауап іздейміз.

Оқушылар сұрақтарға үш тілде жауап береді. 

Үйренуге берілетін тапсырма.

1-мин

§3,5. Циклдік алгоритм.

Ауа райының маусымдық ауысу алгоритмін құр.

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау.

 

2-мин

Геометриялық түрлі түсті фишкалар арқылы топты және оқушыны бағалаймын.

Оқушылар өз жинаған фигураларын көрсетеді.

Кері байланыс.

 

1-мин

1.   Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға саламыз, сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне саламыз. Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа саламыз

Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін, ойларын еркін жазып, кері байланыс парағына жапсырады.

 


  • Ә» Күні: 29.11.2016 жыл
  • Сабаққа қажетті құралдар
  • Сабақтың жоспары
  • ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
  • VI. Үйге тапсырма беру.
  • ІІ.Үйге берілгенге шолу.
  • ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.
  • Глоссарий (Терминдермен жұмыс)
  • Компьютермен жұмыс.
  • Сиқырлы қалам.
  • Сабақты бекіту.
  • Үйренуге берілетін тапсырма.
  • Бағалау.
  • Кері байланыс.