Главная страница
Контакты

    Главная страница


Үштілділік – жаңа заман сұранысы




Дата19.04.2017
Размер7.04 Kb.

Үштілділік – жаңа заман сұранысы


Мақаланың авторы: А.М.Горький атындағы гимназияның қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің

мұғалімі.

Тургаева Гульсара Аманжоловна


ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Бүгінгі жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. Бүгінгі таңда үштілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Тіл қарым-қатынас жасаудың басты құралы екенін бәрі де біледі. Олай болса, қазақта, «Бір тіл білсең- бір адамсың, екі тіл білсең-екі адамсың, үш тіл білсең-үш адамсың, жеті тіл білсең-жеті адамсың»,- демекші

Біздің мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Қазіргі кезде мен 3-4 сыныптарда қазақ тілі сабағын жүргізіп жүрмін. Өз шәкірттерімнен көптілділікті енгізіп жатқанына қалай қарайсыңдар деп сауал қойған едім. Олар бірауыздан қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілі деп жауап берді. Бүгінгі жас ұрпақ тілдің маңыздылығын түсініп отыр. Бастауыш сыныптарда сандар, түстер, апта күндерін өткен кезде үш тілде сөздерді атап, сөз тіркестерін құрастырған өте қызық. Әсіресе грамматиканы салыстыра отырып түсіндірген кезде тез әрі оңай түсінеді.

Мектебімізде жыл сайын әр мұғалімге кіріктірілген ашық сабақ жүргізу жүктеледі. Мен ағылшын тілімен кіріктіріп сабақ өткіздім. Үш тілділік сабақта өте қызық болды. Оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа қатыспаған оқушы болмады. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.  

Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. «Полиглот», «Білгіштер?» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну. Бұл жерде оқушылар өздері таңдаған тақырыпта үш-тілде мақал-мәтел ойлап, баламасын жазуға талаптанады.

Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Оқушы мектепте алған білімін өмірде тиімді қолдана білуі керек.

Тұлғаның басты функциялық белгілеріне:

  • белсенділік;

  • шығармашыл тұрғыда ойлап, шешім қабылдай алуы:

  • кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігі,

өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Елбасымыз жүктеген тапсырмаларға сәйкес, 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді. Осы орайда өзім өз заманымыздың жаңалығы болып отырған үштілділік бағдарламасын қолдай отырып, өз өлең жолдарымды тарту еткім келеді.

Үш тіл заман талабы

Бабаларым бұрынғы,

Тіл қадірін ұғынды.

Үш тіл бүгін тұғырлы,

Қазақ, орыс, ағылшын.

Үш тілімнің бірлігі

Болар ұрпақ тірлігі

Үш тіл білсе ұрпағын,

Жанып тұрған шырағын.

Үш тіл-заман талабы

Тәй-тәй басқан қадамы.

Тілім қайта түледі,

Жас ұрпақтың жігері,

Еліміздің еңсесі

Мәңгілік ел тірегі,



  • Тургаева Гульсара Аманжоловна
  • , «Бір тіл білсең- бір адамсың, екі тіл білсең-екі адамсың, үш тіл білсең-үш адамсың, жеті тіл білсең-жеті адамсың»
  • Оқушы мектепте алған білімін өмірде тиімді қолдана білуі керек
  • Үш тіл заман талабы