Главная страница
Контакты

    Главная страница


Урок по биологии на тему "Гүл, оның құрылысы мен маңызы"

Скачать 16.15 Kb.



Скачать 16.15 Kb.
Дата28.04.2017
Размер16.15 Kb.

Урок по биологии на тему "Гүл, оның құрылысы мен маңызы"


Пәні: Биология. Күні: 17.11.2015 . Сейсенбі. Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Гүл, оның құрылысы мен маңызы.

Сабақтың  мақсаты: Білімділік: Гүлдің құрылысы жайлы және оның маңызы туралы толық сипаттама беру.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілік мәні: Адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір элементтерін қолдану, әңгіме, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Слайд, үлестірме карточкалар, плакат, сызба-нұсқалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемедесу, түгендеу, тақта тазалығы, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Сабақ

Тамыр

Өркен

Сабақ Жапырақ

Бүршік

Негізгі тамыр

Тамыр шығу тегіне Жанама тамыр

қарай Қосалқы тамыр



ІІІ. Жаңа тақырыпты бастау. 1) Біз аналар мерекесіне не сыйлаймыз балалар? Оқушылар жауап береді.

Гүл сыйлаймыз. Иә, дұрыс балалар ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз гүл туралы болмақ. Тақырыбымыздың аты ˮГүлдің құрылысы мен маңызыˮ деп аталады. Енді балалар сендерге бірінші тапсырма өздерің білетін гүлдің суретін 5 минут ішінде салып, сол гүл жайлы білетіндеріңді қысқаша айтып беріңдер.

2) Оқушылар тақырыпты өздері анықтайды. /Ойтолғау/. Плакатпен топық жұмыс/. Гүл мүшелерінің қиындыларын жинақтап, топтастыру арқылы гүлді құрайды да әр мүшелерінің жеке атауларын жазады.

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады. 1.Гүлдің сағағы; 2.Гүл табаны; 3.Тостағанша жапырақ; 4.Күлте жапырақшалар; 5. Аталықтары; 6.Аналық, жатын(тұқымбұршақ). 3) №1.Карточка.Гүлдің құрылысын анықтаңдар./Оқулықтан пайдалана отырып анықтайды/. Гүлдің құрылысы гүлсеріктерден, аталық, аналық, күлте,тостағанша жапырақшалардан, гүлтабан гүлсабақтан тұратындығын анықтап кестені толтырады. 4) №2.Карточка.Гүлдің қалай бөлінетіндігін оқулықтан оқи отырып, кестені толтыр- ады.Гүлдің екі бөліктен: гүл серіктері және гүлдің негізгі бөліктерінен тұратынын анық- тайды.Анықтама беруі керек. Ал гүлсеріктердің өзі әрі қарай екі түрге: күлте жапырақша мен тостағанша жапырақшалардан тұратындығын анықтап кестеге сәйкестендіріп жазады. 5) №3.Карточка.Гүлдің құрылысын әрі қарай жеке мүшелерін бөлек талдауға үлестірме карточка таратылады. Ол аналықтың құрылысын талдау. Аналық үш бөлімнен тұратынын анықтау керек. Олар: аналық аузы, мойыны және жатыны. Және жатынында тұқымбұршақ болады. 6) №4.Карточка.Гүлдің негізгі бөліктерінің бірі аталықтың құрамын анықтауға карточка беріледі. Ол да үш бөліктен тұрады. Олар: тозаңқап, тозаң және аталық жіпше. Аналық - гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі. Аталық -гүлдің көбеюге қатысатын негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. hello_html_m717716f4.jpghello_html_e59d5c1.jpghello_html_5f54ffad.pnghello_html_2992fe39.pnghello_html_13375fea.jpg

5) 5.Карточка. Гүл серігі деген не, және олар нешеге бөлінеді. Жауабы: Тостағанша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүлсерігі жай және қос гүлсерікті деп екіге бөлінеді. Күлте немесе тостағанша жапырақтарының тек біреуі ғана болса, жай гүлсерікті деп аталады. Ал егер екеуі де(тостағанша және күлте жапырақтары) бар болса, онда гүл қос гүлсерікті деп аталады. Осыларды оқып, еңбектене отырып оқушылар кестені толтырады. 6) №6.Карточка. Алма гүлі мен қара алқа гүлі- нің қайсысы жай гүлге, қайсысы қос гүлге жататынын анықтау керек. Жауабы: алманың гүлі - қосқа, ал қара алқа гүлі жай гүлге жатады. ІV. Кезең. Сергіту сәті. /Біраз тапсырмалар орындап шаршағандықтан бой жазу үшін көңілді әуенде, би қимылына қарай отырып билейміз/. 7) №7.Карточка. Дұрыс гүлдің анықтамасын беріп сөйлемді толықтырып, таратылған карточкаға жазулары керек. Анықтамасы: ˮГүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе -дұрыс гүл деп аталадыˮ. 8) №8.Карточка. Бұрыс гүлдің анықтамасын беріп сөйлемді толықтырып, таратылған карточкаға жазулары керек. Анықтамасы: ˮГүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бір - неше сызықпен теңдей бөлінбесе-бұрысгүл деп ат-дыˮ. 9) №9.Карточка. Гүлдің формуласы деген карточка тапсырмасында гүлдің негізгі бөліктерінің бас әріптері берілген. Олар оны ойлана отырып, таба білуі керек. V. Кезең. Cабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау бөлімінде мен оқушыларға соңғы 10-шы карточканы таратып беру арқылы бүгінгі сабақты слайдта электрондық тақтада қорытындылаймыз. VI. Үй жұмысын беру: §20.Гүл, оның құрылысы мен маңызы тақырыбын оқып келіңдер. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер. (74-бет) VII. Рефлекция. 1)Білемін 2)Білдім 3) Білгім келедіhello_html_f5e744c.pnghello_html_b180a66.pnghello_html_30bc3562.pnghello_html_m46e4405a.pnghello_html_617e9dd9.jpghello_html_2e11e9f8.jpghello_html_15349da6.png






  • Көрнекі құралдар: Слайд
  • ІІ. Үй жұмысын тексеру
  • Сабақ
  • Негізгі тамыр
  • Жанама тамыр
  • Оқушылар тақырыпты өздері анықтайды. /Ойтолғау/.
  • Аналық
  • ІV. Кезең.
  • V. Кезең. Cабақты қорытындылау